"Бешікташ" Зайнутдиновтың орнына жаңа ойыншы алды (ФОТО)
09.08.2025, 14:42
Түркияның "Бешікташ" клубы "Лестерден" нигериялық жартылай қорғаушы Вильфред Ндидиді ресми түрде қатарға қосты.
instagram/@besiktas
Трансфердің шарттары
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 жастағы футболшымен 2028 жылдың жазына дейін келісімшарт жасалды. Келісімде тағы бір маусымға ұзарту опциясы бар.
- Трансфер құны – 8 млн еуро, бұл сома толық көлемде “Лестерге” төленеді.
- 2024/2025 маусымында Ндиди барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
- Transfermarkt дерегінше, ойыншының қазіргі нарықтық құны – 15 млн еуро.
“Бешікташтағы” өзгерістер
Бұған дейін ыстамбұлдық клубты Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов тастап кеткен болатын. Ол Мәскеудің “Динамо” командасына сатылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама