Реклама
Реклама

Экс-президент жазықсыз қалмақ

Сарапшы, спорт журналисі
11.08.2025, 17:25

Григорий Лория әлі күнге дейін сот алдында күдікті ретінде жауап бермей отыр.

Sports24.kz

“Қызылжар” футбол клубындағы қаржылық дау жаңа мәліметтермен толықты. Бұрынғы президент Григорий Лория басшылық кезінде қомақты жылжымайтын мүлікке ие болғанына қарамастан, сот алдында күдікті ретінде жауап бермей отыр. Бұл туралы aladop.kz хабарлады. 

Сотта кім жауап беріп жатыр?

Қазіргі уақытта “Қызылжар” ФК-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Негізгі айыпталушы — клубтың экс-бас есепшісі Ольга Замелацкая. Тергеу деректеріне сай, ол футболшыларға артық жалақы мен сыйақы үлестірген, бұл клубтың қаржылық дағдарысына алып келген.

Григорий Лория неге назардан тыс қалды?

Айыптау ортасында есепші тұрса да, істің бастауында тұрған делінетін экс-президент Лорияға әлі күнге дейін ресми күдік тағылған жоқ. Тергеу кезінде оның елорда аумағында 6 нысаны бары анықталды. Олардың ішінде:

  • 589 шаршы метрлік кеңсе — Сарыарқа ауданында орналасқан;
  • 175 шаршы метрлік бірнеше жылжымайтын мүлік — барлығы Лория атына тіркелген.

Мамандардың есебінше, бұл нысандардың жалпы құны 260,5 млн теңгеге бағаланады.

Реклама
Реклама