Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Халықтың күшімен салынған стадион сүрілмек

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:19

Халықтың ортақ еңбегі Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында орналасқан деген уәжбен шенеуніктер алаңды бұзуды талап етіп отыр.

aladop.kz
Реклама
Реклама

Түлкібас ауданы, Керейт ауылының тұрғындары өз қаражатымен және күшімен салған футбол алаңы бұзылуы мүмкін. Жергілікті халық бірігіп тұрғызған спорт кешені Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына кіріп кеткен деген уәжбен шенеуніктер осындай қадамға бармақ. Бұл туралы aladop.kz хабарлады. 

Халықтың еңбегі

Керейт ауылындағы тұрғындар спортты дамыту үшін бірігіп, өз қолдарымен заманауи талаптарға сай футбол алаңын салған. Бұл ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін ортақ игілікке айналған еді.

Алайда, қуанышты сәт көпке созылмады. Ұлттық парк өкілдері кешеннің аумағы заңсыз екенін айтып, стадионды бұзуды талап етті. Тіпті, құрылысқа қатысқандарға 10 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екені айтылды.

Тексеру нәтижесі

Арнайы құрылған комиссия тексеріс жүргізіп, стадионның тек үштен бірі ғана ұлттық парк аумағында орналасқанын анықтады. Қалған бөлігі – Арыс ауылдық округіне тиесілі.

Жергілікті халық бұл жағдайды өзара келісіммен шешуге болар еді деп санайды. Алайда аудан әкімдігі заңды қатаң ұстанып, мәмілеге келмей отырған көрінеді.

Мемлекеттік саясатқа қайшылық

«Егер құрылыс заңсыз болса, неге жұмысты бастап жатқанда тоқтатпады?» - деп ашулы ауыл тұрғындары. 

«Мемлекет спортты дамытуға шақырады, Президент әр Жолдауында халықты бұқаралық спортқа тартуды баса айтады. Ал біздің еңбегімізге тосқауыл қою – сол саясатқа қарсы әрекет», – дейді.

Қазір Керейт ауылының тұрғындары алаңды сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары