Англия премьер-лигасының жұлдызы Джейми Варди Глазгоға келуі ықтимал деген ақпарат жанкүйерлерді елең еткізді.
Шотландияның әйгілі «Селтик» клубы алдағы уақытта ағылшын футболының тәжірибелі жұлдызы Джейми Вардиге (38 жаста) қызығушылық танытып отыр.
«Лестерден» кеткеннен кейін Джейми Варди әлі жаңа клуб тапқан жоқ. Айта кетейік, «Селтик» бапкері Брендан Роджерс кезінде дәл осы Вардимен бірге жұмыс істеп, Англия кубогын жеңіп алған еді. Бұл қос тараптың қайта қауышуына себеп болуы ықтимал.
Сондай-ақ бұған дейін футболшыға «Валенсия» мен «Рейнджерс» тарапынан қызығушылық болғаны хабарланған.
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» кездеседі. Қос матч 21 және 26 тамыз күндері өтеді.