Реклама
Реклама

Лионель Месси тағы бір тарихи рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі
18.08.2025, 12:24

Аргентинкалық шабуылшы ресми матчтарда 875 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Vesti.kz

"Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Ол ресми кездесулерде 875 гол соғып, бұл межені ең алғаш бағындырған ойыншы атанды.

Рекордтық гол қалай соғылды?

Месси өзінің тарихи голын MLS чемпионаты аясында өткен "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына қарсы ойында соқты. Аргентиналық жұлдыз бұл жетістікке 1116 матчта қол жеткізіп, тарихтағы ең жылдам әрі ең жас футболшы атанды.

Әлем жұлдыздарының бағасы

Бұған дейін НХЛ-дың "Вашингтон Кэпиталс" клубының капитаны Александр Овечкин Мессиді "футбол құдайы" деп атап, оның доппен жұмыс істеу шеберлігіне ерекше баға берген еді.

Мессидің жетістіктер тізімі

  • "Барселона" сапында 10 рет Испания чемпионы атанды;
  • 7 мәрте ел Кубогын иеленді;
  • 4 рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті;
  • Каталондық клубта 778 матч өткізіп, 672 гол соқты;
  • 8 мәрте "Алтын доп" иегері атанды.
Реклама
Реклама