"Тоқашқа ұқсайды". "Манчестер Сити" жанкүйерлері Хусановтың физикалық формасын сынады
24.08.2025, 22:04
"Сити" фанаттары қорғаушы Абдуқодир Хусановтың физикалық дайындығына көңілі толмайтынын білдірді.
zamin.uz
Әлеуметтік желідегі реакция
АПЛ-дың екінші турындағы "Тоттенхэмге" қарсы матч трансляциясы кезінде футболшының фотосы әлеуметтік желілерге тарады.
Кейбір жанкүйерлер Хусановтың артық салмақ қосқанын айтып, оны әзіл-шыны аралас "тоқашқа ұқсайды" деп сипаттады.
Айта кетейік, ойынның өзіне Хусанов қатысқан жоқ.
Матч нәтижесі
"Этихад" стадионындағы кездесуде "Тоттенхэм" күтпеген жерден 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Хусанов алаңға шықпағанымен оның сырт келбеті мен физикалық жағдайы қызу талқыланды.
Футболдағы артық салмақ мәселесі
Әлемдік деңгейдегі клубтарда ойыншылардың салмағына қатаң талап қойылады. Нормадан артық салмақ қосқан футболшылар уақытша командадан шеттетіліп, кей жағдайларда қаржылық айыппұл да алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама