Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жаңа көшбасшы, әлсіз "Астана" және жанкешті айқас. ҚПЛ-дың 22-тур қорытындысы

Сарапшы, спорт журналисі
24.08.2025, 22:36

Қазақстан Премьер-Лигасының 22-турында бірнеше сенсация тіркелді. "Астана" аутсайдер саналған "Жеңістен" жеңіліп қалса, "Тобыл" турнир кестесінің шыңына көтерілді. Сонымен қатар "Елімай" мен "Ақтөбе" өз жанкүйерлерін қуантты.

instagram/@fctobol
Реклама
Реклама

Тур қорытындысы

"Тобыл" — "Тұран" 2:0 (1:0)

Голдар: Тағыберген (4), Зуев (72)

Мүлт кеткен пенальти: Бақытжанов (90+3)

Костанайлықтар қарсыласынан басым түсті. Ерте соғылған голдан кейін "Тобыл" біраз босаңсып қалғандай көрінгенімен Александр Зуев екінші таймда нүкте қойды. Осы жеңістің арқасында команда турнир кестесінде көш бастады. Ал "Тұранды" ауыр сынақ күтіп тұр. Олар төменгі лигада қалып қоймау үшін жан аямай күресуі керек.

"Елімай" — "Қызылжар" 2:0 (2:0)

Голдар: Ролон (24), Майком (43)

Семейдің "Елімайы" сенімді жеңіске жетті. Дегенмен қарсылас мүлде қарсылық көрсете алмады. Петропавлдықтар ойынға немқұрайды қарағандай әсер қалдырды. "Қызылжар" күшін кубоктың жартылай финалына үнемдеп жатқан болуы мүмкін. Себебі чемпионатта олар үшін ештеңе шешілмейді.

"Қайсар" — "Атырау" 0:0

Атыраулықтар бесінші матч қатарынан жеңілмей келеді. Бірақ соңғы төртеуінде тең тарқасты. Бұл жолы да жеңіске жетуге шамасы жетпеді. "Қайсар" әдеттегідей қорғаныста ойнап, қарсыластың қысымына төтеп берді.

"Жеңіс" — "Астана" 3:2 (0:1)

Голдар: Жақсылық (14), Лобжанидзе (60, 74), Грипши (82, пен.), Садовский (90+3)

"Астана" дағдарыстан шыға алмай тұр. "Жеңіске" қарсы ойында да жеңіліс тапты. Тіпті даулы пенальти де оларды құтқармады. Андрей Демченконың шәкірттері Григорий Бабаянның командасынан айласын асырды. Алда елордалықтарды өте қиын кесте күтіп тұр: "Елімай", "Тобыл", "Ақтөбе" және "Қайратпен" кездесулер.

"Ұлытау" — "Ордабасы" 2:1 (1:0)

Голдар: Юсов (10), Сұлтаниязов (76), Бугулов (79)

Мүлт кеткен пенальти: Молдақараев (90+4)

Жезқазғандық "Ұлытау" маңызды жеңіске жетіп, турнирдегі жағдайын біршама жақсартты. Қонақтар қорғаныста көп қателік жіберді. "Ордабасы" енді назарын Қазақстан кубогына аударуы мүмкін.

"Ақтөбе" — "Жетісу" 3:2 (1:0)

Голдар: Шушеначев (36, 52), Мұхаметханов (87, пен.), Агбо (90), Асқаров (90+5)

Бұл матч Самат Смақовтың "Ақтөбеге" қарсы ойыны ретінде аталып жүрді. Бірақ шын мәнінде екі клубтың деңгейінде үлкен айырмашылық бар екені анықталды. Еркебұлан Сейдахмет пен Артур Шушеначев дуэті алаң иелерінің алғашқы екі голын ұйымдастырды. Ақтөбеліктер енді 14 қыркүйекте "Қайратпен" күш сынасады.

Кейінге шегерілген матч

"Оқжетпес" — "Қайрат" ойыны 31 тамызда өтеді.

ҚПЛ-дың 23-тур ойындары 13–14 қыркүйек күндері ойналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары