Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нико Гонсалес ресми түрде «Атлетико Мадридке» қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 09:15

Туриндік «Ювентус» аргентиналық шабуылшы Нико Гонсалестің «Атлетико Мадридке» ауысқанын ресми растады. 27 жастағы ойыншы маусымдық арендаға берілді.

фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Келісім бойынша, белгілі шарттар орындалса, трансфер толыққанды сатып алуға ұласуы мүмкін.

Аренда 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Бастапқы төлем көлемі – 1 миллион еуро, ал спорттық мақсаттарға қол жеткізілсе, қосымша тағы 1 миллион еуро төленуі мүмкін. Егер трансфер толық жүзеге асса, мадридтік клуб 32 миллион еуроны үш қаржылық кезең ішінде төлеуге міндеттеледі.

Туриндегі маусымындағы көрсеткіштер

Гонсалес «Ювентус» сапында бір маусым ғана өнер көрсетті. 2024/25 жылғы маусымда ол 40 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіш оны клубтағы ең өнімді сегіз ойыншы қатарына қосты. Осы қатарда Тюрам, Консейсау, Йылдыз, Влахович, Веа, Мбангула және Маккенни де бар.

Клубтың қоштасу сөзі

«Ювентус» ресми хабарламасында Нико Гонсалеске кәсібилігі мен командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, карьерасының келесі кезеңінде табыс тіледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары