Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Темірлан Анарбеков: «Ұлттық құрамамен де тарихта қалатынымызға сенемін» (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 19:23

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық барысын сөз етті. 

instagram/@anarbekov_temirlan77
Реклама
Реклама

Қақпашының пікірі

«Ұлттық құрамадан қайта шақырту алғаныма қуаныштымын. Соңғы рет Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан едім. Енді бар ойымыз – ел намысын қорғау. Өткен кездесулерді ұмытып, жаңа мақсаттарға назар аударуымыз қажет.

Алла қаласа, жеңіске жетеміз деп сенемін. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Біз тыңғылықты дайынбыз деп есептеймін. «Селтикке» қарсы өткен ойынды тарих еншісіне қалдырдық. Енді ұлттық құрамамен де тарих жазамыз деген сенім бар», — деді Анарбеков.

«Селтикке» қарсы тарихи матч

Жас қақпашы жуырда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түсті. «Қайрат» тарихында алғаш рет турнирдің негізгі кезеңіне шықты. Бұл жетістікке команда «Селтикке» қарсы өткен жауапты ойында жетті. 

21 жастағы Анарбеков пенальти сериясында шотландиялықтардың үш соққысын тойтарып, клубты Еуропаның басты додасына алып шықты. Ол жеңіс үшін командаластарына, бапкерлерге және клуб басшылығына алғыс білдірді.

Алдағы матчтар

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қыркүйек айында екі маңызды ойын өткізеді:

  • 4 қыркүйек – Астана, Уэльс құрамасына қарсы;
  • 7–8 қыркүйек – сырт алаңда Бельгияға қарсы.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары