Сонымен қатар, жанкүйерлер билеттерді қалай алатыны туралы ақпарат тарады.
Қазақстан чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 4 матчты Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді.
Алматылық клуб өз алаңында мына командаларға қарсы ойнайды:
Клубтың жоспарына сәйкес, билеттердің басым бөлігі бір пакетпен сатылмақ. Яғни жанкүйерлер бірден төрт ойынға билет ала алады. Бұл туралы sportilinet.kz хабарлады.
Пакет бағасы мынадай болады:
Баға стадиондағы орынның орналасуына байланысты өзгереді.
Аталған дереккөздің хабарлауынша, билеттер әр ойынға бөлек те сатылады. Бірақ әзірге олардың нақты бағасы мен саны белгісіз.
Сонымен қатар, УЕФА регламентіне сай әр матчқа қонақ жанкүйерлер үшін арнайы квота қарастырылады. Мұндай билеттердің бағасы €50-дан (шамамен 31 500 теңге) аспауы тиіс. Ал қалған билеттердің бағасын клуб өзі белгілейді.
Биылғы маусымда «Қайрат» билеттерді Freedom Ticketon сервисі арқылы сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ. Клуб келесі аптада ресми түрде сатылым басталу күнін жариялайды.
Freedom Ticketon қолдау қызметі жанкүйерлерден ресми хабарландыруды күте тұруды сұрап отыр.