Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бұл не масқара? Қазақстан Бельгиядан күйрей ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 01:45

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Бельгиядан аса ірі есеппен жеңіліс тапты.

Instagram/@kff_team
Реклама
Реклама

Матч барысы

Бірінші минутта Әлібек Қасым алыстан соққы жасап көргенімен, допты Тибо Куртуа қиналмай қайтарды. Бұдан кейін алаң иелері басымдықты толығымен өз қолына алды. Қақпашы Мұхамеджан Сейсен бірнеше қауіпті соққыны қайтарғанымен үзіліске дейін Кевин Де Брюйне шебер соққысымен есеп ашты. Артынша Жереми Доку қақпаны дәл көздеп, айырмашылықты ұлғайтты. 

Екінші тайм бастала сала Қазақстан құрамасына Ислам Чесноков пен Дастан Сәтпаев қосылды. Бірақ өзгеріс болған жоқ. 52-минутта Николас Раскин жақын қашықтықтан гол соқты. Кейіннен Доку дубль жасап, Де Брюйне де екінші голын тіркеді. Соңғы нүктені Тома Менье қойды – 6:0.

Келесі ойын

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазан күні өз алаңында Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

Бельгия — Қазақстан 6:0 (2:0)
Голдар: Де Брюйне (42) – 1:0, Доку (44) – 2:0, Раскин (52) – 3:0, Доку (60) – 4:0, Де Брюйне (84) – 5:0, Менье (87) – 6:0.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары