Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-15) шабуылшысы Сәлім Хасанов Испанияның беделді клубы «Вильярреалға» ауысты.
Хасанов бұған дейін «Қайрат» жүйесінде жаттығып, жақында «Леванте» академиясына қосылған еді. Дегенмен «Вильярреал» жас талантты өз қатарына қосуға бел буып, футболшыны сатып алды әрі оған арнайы шәкіртақы тағайындады. Айта кетейік, Сәлімге «Валенсия» да қызығушылық танытқан, алайда «сары суасты қайығы» (Villarreal) табандылық танытып, бәсекелестерін артта қалдырды. Бұл туралв BorodAbata.kz жазады.
Футболшының әкесінің айтуынша:
«Қазір Сәлім өз жасындағы командада ойнап жүр. Бірақ егер ойынымен бапкерлерді сендірсе, жасы үлкендер құрамына ауыстырылуы мүмкін».
Осылайша «Леванте» сапында қазақстандықтардан тек 17 жастағы Шыңғыс Қалиев пен Алдияр Нұрғали қалды.
«Вильярреал» – 2020/21 жылғы маусымда Еуропа Лигасының жеңімпазы болды. Қазір команда Ла Лига турнир кестесінде үшінші орында келе жатыр.