Әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін бас жаттықтырушы Әли Әлиев өз еркімен отставкаға өтініш берген. Дегенмен Қазақстан футбол федерациясы әзірге шешім қабылдаған жоқ және оның орнына келетін маман туралы ресми хабар таратқан емес.
Қазір спорт қоғамдастығында түрлі кандидаттар талқыланып жатыр. Солардың ішінде ерекше назар аудартқаны – Виктор Кумыков.
Бұрынғы «Қайсар» ФК директоры Садық Мустафаев пікір білдіріп, Кумыковты ұлттық құраманың ең лайықты кандидаты деп атады. Спорттық телеграм-арналарда да бұл ұсыныс қызу талқылануда.
Бұл деректер Кумыковтың ұлттық құраманы басқаруға дайын екендігін көрсетеді.
Қазір Қазақстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде J тобында 4-орында тұр:
Ұлттық құраманы маңызды үш матч күтіп тұр:
Бұл кездесулерде жиналатын ұпайлар біздің құраманың келешегін айқындамақ.