Реклама
Реклама

Винисиус Жуниорға төрт ТОП-клуб құда түсіп отыр

Сарапшы, спорт журналисі
25.09.2025, 13:58

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниордың клубтан кетуі мүмкін деген әңгімелер БАҚ-та қызу талқылануда.

teamtalk.com

Бразилиялық жұлдыздың болашағы белгісіз

Әртүрлі деректерге сүйенсек, егер ойыншы жаңа келісімшартқа қол қоймаса, «корольдік клуб» оны келесі жазда сатуға дайын.

TBR Football таратқан мәліметке сәйкес, бразилиялық футболшының өкілдерімен бірқатар ағылшын клубтары байланысқа шыққан. Олардың қатарында:

  • «Арсенал»
  • «Челси»
  • «Ливерпуль»
  • «Манчестер Сити»

Келісімшарт және нарықтағы құны

Қазіргі уақытта Винисиустың «Реалмен» жасасқан келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін күшінде. Ал Transfermarkt порталы оның нарықтық бағасын 170 миллион еуро деп көрсетіп отыр.

Реклама
Реклама