Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Вице-министр "Қайрат" – "Реал" матчының билет бағасына қатысты жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
25.09.2025, 14:32

Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Кейбір санаттағы билеттердің бағасы 250 мың теңгеге дейін жетеді. Қазақстанның Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жағдайға пікір білдірді

Вице-министрдің айтуынша, баға - нарықтық тетіктерге байланысты қойылады.

Бұл – нарық. Жанкүйерлер бар, олар бағаға қарамай билет алады. Себебі олар осынысымен өмір сүреді. Менің ойымша, адамның мүмкіндігі болса, ол билетті сатып алады, – деді Азамат Әмрин Сенаттың кулуарында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы стадиондардың жағдайына қатысты сұраққа жауап берді.

Біздің барлық стадиондар халықаралық стандарттарға сай. Егер талаптарға сәйкес келмесе, бұл матч мүлдем өтпес еді. Мұндай ойындар алдында барлық талаптарға сәйкестік міндетті түрде тексеріледі, – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Журналистердің ойын нәтижесіне қатысты қойған сұрағына ол:

Күтейік, нәтижесін көреміз. Білесіздер ғой, кейде әрқашан ғажайып болуы мүмкін, – деп жауап берді.

Еске салай кетейік, “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч 21:45-те басталады. Тағы "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алты "Реалдан" бөлек “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр) ұжымдарымен кездеседі. 

Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары