Танымал журналист Ермұхамед Мәулен ҚПЛ-дың биылғы чемпионы кім болатынына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, маусымнның аяқталуына 3 тур қалса да, жеңімпаз қай команда болатыны айдан анық. Тіпті үздік үштікте де интрига болмайды.
– Ермұхамед, биылғы ҚПЛ маусымы аяқталуға жақын. Сенің ойыңша кім чемпион болады, жалпы үздік үштік қандай командалар болады?
Үздік үштік қазір белгілі: “Қайрат”, “Астана” және “Тобыл” командалары. Үшеуі шығып қалмайды үштіктен, ол түсінікті жағдай. Чемпиондық сұрақ – басты сұрақ болып тұрғой. Күнтізбені жасаған кезде, бірінші турда “Астана” өз алаңында “Қайратты” қабылдаған еді, және сол секілді ең соңғы турда “Қайрат” енді “Астананы” қабылдайды. Тура сол матчта кім жеңіске жетеді, сол чемпион болады деген ойдамын. “Тобылдың” қазір ұпайы сәл жеткіліксіздеу болып тұр. Бірақ, теориялық тұрғыда мүмкіндіктер бар”, – деді Ермұхамед Мәулен редакциямен жеке сұхбатында.
Естеріңізге салайық, 23 турдан соң ҚПЛ маусымында бірінші орында “Қайрат” көш бастап тұр. Алматылық ұжымның қоржынында 52 ұпай бар. Екінші орында “Астана”, оларда 50 ұпай. “Тобыл” 47 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.
“Қайрат”
“Астана”
“Тобыл”