Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасында қандай табыс тапқанын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
27.09.2025, 09:00

Чемпиондар лигасында өнер көрсету «Кайратқа» қанша пайда әкелгені белгілі болды.

Қайрат Боранбаев
Реклама
Реклама

Алматылық «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаев УЕФА турнирлерінің клубқа әкелетін пайдасын түсіндірді.

Испандық EFE агенттігіне берген сұхбатында ол Чемпиондар лигасындағы сыйақылардың көлемі клубтың жылдық бюджетімен салыстырғанда үш есе артық екенін атап өтті.

«Чемпиондар лигасындағы сыйақылар клубтың жылдық бюджетінен үш есе артық. Ал салыстыру үшін айтсам, Азия чемпиондар лигасында бар болғаны 25 мың еуро ғана алатын едік. Сондықтан еуропалық турнирлердің тұрақтылығы мен болашағын асыра бағалау мүмкін емес. Тіпті Конференциялар лигасының өзі команданың бір жылдық бюджетіне тең табыс әкеледі», – деді Боранбаев испандық EFE агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Кайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары