Реклама
Реклама

Қазақстандық шабуылшы Испания чемпионатына трансфер жасады

Сарапшы, спорт журналисі
27.09.2025, 13:49

Қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев Еуропаға қадам басты.

Рауль Аллахвердиев

8 жастағы футболшы Испанияның "Райо Вальекано B" клубымен келісімшартқа қол қойды.

Аллахвердиев кәсіби футболдағы алғашқы қадамын небәрі 15 жасында елордадағы "Жеңіс" сапында жасаған. 2024 жылғы маусымда ол Бірінші лигада "Оқжетпес” клубына жалға берілді. 2025 жылдың басында "Жеңіспен” қош айтысып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді.

Жас шабуылшы 56 ресми ойынға қатысып, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Енді Аллахвердиев Испанияда өз шеберлігін шыңдап, негізгі командаға жолдама алу үшін күреседі.

Реклама
Реклама