Екі пенальти «Астананы» ҚПЛ көшбасшысы етті
28.09.2025, 17:04
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесті.
instagram.com/@fca.astana
Ойын барысы
Елордалық клуб алғашқы минуттардан-ақ қысым көрсетті. 5-минутта қақпа алдында Назми Грипшині қорғаушылар шалып жықты. Ол пенальтиді өзі орындап, есепті ашты.
Кейін алаң иелері шабуылды күшейтті. Бірақ 81-минутта тағы да өз айып алаңында қолмен ойнау тіркеліп, төреші пенальти белгіледі. Грипши бұл мүмкіндікті де қалт жібермей, дубль авторы атанды.
Қосымша уақытта Әрсен Әшірбек бір гол соғып, айырмашылықты қысқартты.
Турнир кестесіндегі жағдай
Бұл жеңістен кейін «Астана» 52 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Олар бір ұпай айырмашылығымен «Қайратты» артта қалдырды. Ал «Оқжетпес» 32 ұпаймен жетінші орында тұр.
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Астана» 1:2 (0:1)
Голдар: Грипши (пенальти) 5 (0:1), Грипши (пенальти) 81 (0:2), Әшірбек 90+2 (1:2)
Голдар: Грипши (пенальти) 5 (0:1), Грипши (пенальти) 81 (0:2), Әшірбек 90+2 (1:2)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама