"Реал" ойыншыларын Алматыда мыңдаған қазақстандық жанкүйер күтіп алды
29.09.2025, 06:24
«Корольдік клубтың» ойыншылары қаладағы InterContinental қонақүйіне жайғасты.
Фото: Almaty International Airport / telegram
Алматыға Испанияның «Реал Мадрид» клубының футболшылары келді. Әуежайдан жұлдызды футболшыларды мыңдаған жанкүйер күтіп алды.
«Корольдік клубтың» ойыншылары қаладағы InterContinental қонақүйіне жайғасады. Бұл – бес жұлдызды отель, ол Алматыдағы Орталық стадионнан небәрі 10 минуттық қашықтықта орналасқан.
Әлемнің ең атақты клубтарының бірі саналатын «Реалды» өз көздерімен көруге асық жанкүйерлер әуежайда жиналып жатыр. Полиция тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті күшейтті.
Еске сала кетейік, «Қайрат» – «Реал» ойыны Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама