Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Реал» қақпашысы дүниеден өтті

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 10:57

Мадридтің «Реалы» мен Испания құрамасының бұрынғы қақпашысы, футбол тарихындағы аңыз есімдердің бірі Хосе Аракистайн 88 жасында өмірден өтті.

realmadrid.com
Реклама
Реклама

«Реалдың» ресми мәлімдемесі

Клуб қайғыға ортақтасып, ресми мәлімдеме жасады:

«Реал Мадрид» футбол клубы, оның президенті және директорлар кеңесі тарихымыздағы ең ұлы қақпашылардың бірі Хосе Аракистайнның қазасына терең қайғырады. Біз марқұмның отбасына, командаластарына және барлық жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз».

Мансабы мен жетістіктері

  • Аракистайн кәсіби жолын «Реал Сосьедад» сапында бастаған.
  • 1961 жылы мадридтік «Реалға» ауысып, жеті маусымда 97 матч өткізді.
  • 6 рет Испания чемпионы,
  • 1 рет Кубок иегері,
  • 1 рет Еуропа чемпиондар кубогының жеңімпазы атанды (қазіргі Чемпиондар лигасы).

1961/62 жылғы маусым қорытындысы бойынша ол қақпашыларға берілетін ең беделді жүлде — Рикардо Самора трофейін иеленді.

Испания құрамасында 6 матч өткізіп, 1962 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары