Реклама
Реклама

«Реал» футболшылары «Қайратпен» ойын алдында жаттығу өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 19:19

Мадридтік «Реал» Алматыдағы «Орталық» стадионда ресми жаттығу өткізді.

foot-africa.com

Турнир кестесіндегі жағдай

Қазіргі таңда «Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі турнирлік кестеде 33-орында тұр.

Алғашқы турда алматылық клуб сырт алаңда португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген болатын. Ал «Реал» өз алаңында француздық «Марсельді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Лига жеңімпазы туралы

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының қазіргі чемпионы — Пари Сен-Жермен. Француз клубы өткен маусымның финалында италиялық «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан еді.

Реклама
Реклама