Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Кешірім жоқ па?" Жанкүйерлер "Тикетонның" былығына ашулы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:53

Әлеуметтік желілерде матчқа кіре алмаған жанкүйерлердің шағымы әлі де толастар емес. Азаматтар қолдарында ресми билеттері бола тұра стадионға кіре алмағанын айтуда.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Кеше Алматыда тарихи оқиға болды. 123 жылдық тарихы бар «корольдік клуб» – мадридтік «Реал» алғаш рет Қазақстанға қонаққа келді. Испанияның алпауыт командасы елімізде тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында “Қайратқа” қарсы матч өткізді. 

Футбол тұрғысынан алғанда, «Қайраттың» 0:5 есебімен жеңілуі ауыр соққы болды. Десе де, екінші жағынан мәдени астанамыздың тұрғындары үшін бұл ойын нағыз мерекеге айналды. 

Қала көшелерінде «Қайраттың» жалауларын көтерген жанкүйерлер легі, стадионға ағылған халық, түнгі Алматыдағы көлік кептелісі – бәрі де әлемдік деңгейдегі футбол мерекесінің елесін сыйлады. Ал трибуналардан Килиан Мбаппенің хет-тригін көру – талай жанкүйердің арманы орындалғандай әсер қалдырды.

Алайда, эмоция мен қуаныштың тасасында үлкен проблемалардың бары анықталды.

Жанкүйерлердің наразылығы

Әлеуметтік желілерде матчқа кіре алмаған жанкүйерлердің шағымы әлі де толастар емес. Азаматтар қолдарында ресми билеттері бола тұра стадионға кіре алмағанын айтуда. Куәгерлердің сөзіне сенсек, билетсіз келгендер күзет пен еріктілерді алдап өтпек болған, тіпті кей жерлерде полиция қызметкерлері ақшаға кіргізген деген айыптаулар да бар. Бұдан бөлек, жанкүйерлер билет сатылымының ұйымдастырылуына да мүлдем көңілі толмағандарын айтып, шағымданды. 

Осыған қатысты билет сатылымын ұйымдастырған Тикетон платформасы да жазба жариялап, мәлімдеме жасады. 

“Желіде «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуіне кіре алмаған жанкүйерлерге байланысты жағдай кеңінен талқылануда. Бұл ойын алыпсатарлар мен жалған билеттер мәселесін әлі де өзекті екенін айқын көрсетті. Шынайы жанкүйерлер мұндай әділетсіздіктің құрбаны болмауы керек. Сондай-ақ мәдениет мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Билетсіз келген адамдар стадионға асыққан өзге жанкүйерлердің жолын бөгeуі – үлкен құрметсіздік”, – деп жазды Freedom Ticketon өкілдері әлеуметтік желіде. 

Сонымен қатар, Freedom Ticketon әрбір жағдайды жіті саралап, тәжірибе мектебі ретінде қабылдап, сервисті үздіксіз жетілдіріп жатқанын да жеткізді. 

“Басты мақсатымыз – жанкүйерлерге қауіпсіз де ыңғайлы жағдай жасау”, – делінген аталған платформаның мәлімдемесінде. 

Фото: Zakon.kz

Десе де, бұл мәлімдемеге желі қолданушыларының өкпесі қара қазандай. Жазбаға түрлі пікір қалдырып, бұдан былай платформа арқылы “Қайрат” ойындарына билет сатпай-ақ қойғандарын жеткізіп жатыр. Ресми сөздер халықтың ашуын баса қойған жоқ.

«Это ваш провал. На следующие домашние матчи @f.c.kairat никто не будет покупать билеты. Ведь всё равно можно зайти без них».

«Кешірім сұрамайсыздар ма сонда?»

«У знакомых был билет, их не пустили, зато менты за деньги пропускали…»

Фото: Zakon.kz

«Одна просьба: пусть ваша компания больше не продаёт билеты».

«Слили большую часть билетов перекупам, а теперь оправдания жазып отырсыздар».

«Где ваши проверки по ИИН?»

Ұйымдастырушылардың олқылықтары

Стадиондағы орын жетіспеушілігі – бөлек тақырып. Жанкүйерлер ғана емес, БАҚ өкілдерінің де біразы сыймай қалғаны белгілі.

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстандағы спорттық шаралардың басты проблемасы – алып-сатарлар болып тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары