Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Үлкен сенсация: «Қарабах» даниялық «Копенгагенді» жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:37

Әзербайжандық клуб екі турда алты ұпай жинап алды.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Әзербайжандық «Қарабах» Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2-тур ойынында даниялық «Копенгагенді» сенімді түрде тізе бүктірді.

Гурбан Гурбанов шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, қатарынан екінші жеңісіне жетті. Есеп 2:0 (1:0, 1:0) болып тіркелді.

Алғашқы голды 28-минутта француз шабуылшысы Абделла Зубир соғып, алаң иелерін алға шығарды. Ал матчтың соңына қарай, 83-минутта ганалық форвард Эммануэль Аддаи нәтижені еселеп, кездесуге нүкте қойды.

Бұл жеңістің арқасында «Қарабах» топтық кезеңде 6 ұпай жинап, турнир кестесінің төртінші сатысына көтерілді.

Ал даниялық Копенгаген алғаш рет жеңіліс тауып, небәрі 1 ұпаймен 26-орында тұр.

Айта кетейік, бірінші турда «Қарабах» португалиялық «Бенфиканы» сенсациялық түрде жеңген еді, ал даниялық клуб немістің «Байер 04» командасымен тең түскен болатын.

Келесі кездесу 22 қазанда Бильбаода өтеді. Әзербайжандық ұжым Испанияның «Атлетигімен» «Сан-Мамес» стадионында күш сынасады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары