Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Негізгі құрамда қала ма? Дастан Сәтпаевтың "Челсидегі" болашағы жайлы айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:44

«Челсиге» арналған TheChelseaChronicle.com сайты алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың келешегі туралы пікір білдірді. Келесі жылы оған лондондық «ақсүйектер» құрамына толыққанды ауысу күтіп тұр.

Дастан Сәтпаев. Фото: ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта 17 жастағы футболшы «Қайратта» аренда негізінде өнер көрсетіп жүр.

«Сәтпаевтың осы жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде „Челсиге“ қарсы ойнауға мүмкіндігі болмайды, алайда сегіз матчтың соңғысында ол ағылшын жерінде алғаш рет алаңға шығады – ол кезде „Арсеналға“ қарсы кездеседі.

Сәтпаев болашаққа көз тіккенімен, осы маусымда-ақ ел чемпионатында көп гол соғып үлгерді. Сонымен қатар, «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуындағы басты себептердің бірі болды. «Челсиде» оның расында да нағыз «гауһар» екеніне сенеді. Бар болғаны 17 жасында-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы атанды. Жуырда Бельгияға қарсы халықаралық матчта өзін жақсы қырынан көрсетті, ал Жереми Доку «қызыл жындардың» сенімді жеңісіне қарамастан Дастанды мақтады.

Ол келгенде арендаға берілетіні әзірге белгісіз, бірақ «Челси» алдағы жылдары оның жұлдызға айналарына зор үміт артып отыр», — деп жазылған мақалада.

Дастан Сәтпаев шотландиялық “Селтикке” қарсы.

Естеріңізге салайық, қазақстандық жас шабуылшы биылғы маусымда 35 ойында 22 рет гол салуға қатысып үлгерді (15 гол және 7 голдық ассист). Қазақстан Премьер-лигасында Дастан 11 голымен үздік сұрмергендер қатарында екінші орында келе жатыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары