Қазақстан футболындағы келісілген ойындар мен бәс тігу жанжалы УЕФА мен ФИФА тарапынан ауыр жазаға алып келуі мүмкін.
Әлемдік футболда “Fair Play” қағидатын бұзу – ең үлкен қылмыстардың бірі саналады. Договорлы матчтар мен ойыншылардың заңсыз ставкалары тек жекелеген клубтар мен футболшыларға ғана емес, тұтас елдің футбол жүйесіне соққы береді. ФИФА мен УЕФА мұндай жағдайларға бұрыннан қатаң қарайды, себебі бұл спорттың басты құндылығына – әділдікке қауіп төндіреді.
1. Клубтарды еурокубоктан шеттету
Егер қазақ клубтарының футболшылары немесе бапкерлері кінәлі деп танылса, олар Лига чемпионаты мен Конференциялар лигасынан уақытша аластатылуы ықтимал. Бұл тек беделге ғана емес, миллиондаған еуро көлеміндегі қаржылық шығынға алып келеді.
2. Айыппұлдар
ФИФА немесе УЕФА Қазақстан футбол федерациясына бақылаудың жоқтығы үшін қомақты айыппұл сала алады. Бұндай тәжірибе Түркия, Италия, Англия секілді елдерде бұрын болған.
3. Ойыншылар мен бапкерлерді ұзақ уақытқа дисквалификациялау
Ставкаға қатысқан немесе келісілген матчқа араласқан футболшылар 2 жылдан бастап өмір бойына дейін футболдан аластатылуы мүмкін. Бұл ұлттық құраманың да сапына кері әсер етеді.
4. Рейтингтің төмендеуі
Қазақ футболы халықаралық аренада сенімнен айырылып, демеушілер мен инвесторлардан қағылуы ықтимал. Сонымен қатар, Қазақстан клубтарына еурокубоктағы квота қысқаруы мүмкін.
5. Сыртқы бақылау енгізілуі
ФИФА тәуелсіз бақылаушыларды тағайындап, ФФК-ның шешім қабылдау еркіндігін шектеуі ықтимал.