Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Бұл сый – халықтың атынан": Темірлан Анарбеков темір тұлпар мінді

Сарапшы, спорт журналисі
04.10.2025, 16:23

"Қайрат" командасының қаһарманы атанған футболшыға автокөлікті сусын шығаратын компания өкілі табыстады. 

arena.olimpbet.kz
Реклама
Реклама

Еуропаны таңғалдырған қазақ батыры Темірлан Анарбековке ерекше сый жасалды. Елімізде сусын шығаратын танымал компанияның өкілі футболшының өзіне су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Осыған байланысты «Қайраттың» қақпашысы халық қолдауына алғыс білдіріп, бұл жеңіс тек жеке еңбектің емес, бүкіл Қазақстанның жетістігі екенін атап өтті.

Салтанатты сәтте сөз сөйлеген Темірлан Анарбеков жүрекжарды алғысын жеткізді:

«Ассалаумағалейкум, біріншіден барша қазақ халқына! Көріп жатырмын, естіп жатырмын. Барлықтарыңызға үлкен алғысым шексіз! Нәтиже менің емес, бүкіл клубтың, бүкіл Қазақстанның көмегі деп ойлаймын. Сіздер де жанкүйер болсаңыздар, біз өзімізді одан да жақсы көрсетеміз бұйырса», – деді «Қайрат» клубының қаһарманы.

«Қайраттың» соңғы жетістігі

Анарбеков соңғы айларда нағыз халық батырына айналған еді. 27 тамызда өткен тарихи ойында «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Сол ойында 21 жастағы қақпашы үш бірдей пенальтиді қайтарған еді. 

Айта кетейік, жуырда ғана алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаны белгілі бизнесмен Ұлықбек Шарипов арнайы кездесуге шақырып, оған заманауи Exeed автокөлігін сыйға тартқан еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары