Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) WBO әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін Данияда өткізеді.

Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
instagram/janibek_alimkhanuly

Дат боксшысы Якоб Банктың (20-0, 11 КО) менеджері Спенсер Браунның айтуынша, тараптар жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келген. Титулдық кездесу қаңтар айында Дания астанасы Копенгагенде өтеді.

"Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Бэнк екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO титулы үшін жекпе-жек өткізуге келісті. Кездесу қаңтарда Копенгагенде өтеді", – деді Спенсер Браун.

Бұған дейін WBO президенті Густаво Оливьери екі тараптан да жекпе-жек өткізу туралы ресми жазбаша хабарлама алғанын растаған.

Әлімханұлы осы жаңалықтан кейін Instagram парақшасында жекпе-жектің қайда өтетіні маңызды емес екенін мәлімдеді.

"Маған жекпе-жектің қай жерде өтетіні де, кіммен жұдырықтасатыным да бәрібір! Мен тек осы титулды қалаймын. Бұл белбеу үшін Айда да, мұхиттың түбінде де жұдырықтасуға дайынмын. Маған бәрібір! Қарсыласым тіпті ғарыштан келген келімсек болса да, бәрібір. Тек титулды сарапқа салыңыздар!", – деді Жәнібек.

Екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін айқасқа бұрынғы чемпион Хамза Шираздың титулдан бас тартуы себеп болды. Британдық боксшы Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартып, чемпиондық атағын өз еркімен босатқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?