Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Асхат Тағыберген бастаған триумф! "Тобыл" Қазақстан кубогының жеңімпазы

Сарапшы, спорт журналисі
04.10.2025, 21:12

Осылайша, шымкенттік "Ордабасы" келер жылғы еурокубок маусымында өнер көрсету мүмкіндігінен айырылып қалды. 

penalty.kz
Реклама
Реклама

Қостанайдың «Тобылы» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогын үшінші мәрте иеленді. Қызылорда қаласындағы су жаңа стадионда өткен финалдық ойындағы жеңіс Асхат Тағыберген бастаған футболшылардың биылғы маусымдағы басты жетістігіне айналды.

Кубок финалы Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионында өтті. Ойынды Швейцариядан келген төреші Свен Вольфенсбергер басқарды — бұл да матчтың халықаралық деңгейін айқындап тұрды.

Бастапқы құрамдар:

  • «Ордабасы»: Челядник, Антич, Имнадзе, Вакулко, Мораес, Тұрсынбай, Капацина, Э.Астанов, С.Астанов, Халматов, Жоао Паулино.
  • «Тобыл»: Бусурманов, Тағыберген, Цавнич, Ндияйе, Эссьен, Эль-Мессауди, Чесноков, Сигневич, Вукчевич, Жагоров, Хвалько.

Алғашқы минуттардан-ақ «Тобыл» ойын тізгінін өз қолына алды. Қорғаныста тығыз ойнаған костанайлықтар әр шабуылды нақты пайдаланып отырды.

Тағыберген бастаған триумф

19-минутта Асхат Тағыбергеннің айып добынан кейін қақпа алдында пайда болған мүмкіндікті Николай Сигневич сәтті аяқтап, есеп ашты — 0:1.

14 минуттан соң тағы да қауіпті шабуыл. Ахмед Эль-Мессауди алыстан бағыттаған доп қақпа бағанына тиіп кері серпілді, ал сол сәтте Ислам Чесноков допты қақпаға дәл енгізіп, есепті еселеді — 0:2.

«Ордабасы» екінші таймда бар күшін шабуылға жұмсады, бірақ нақты соққылар нәтижесіз аяқталды. Қақпа алдында өткір сәттер болғанымен, қостанайлықтардың қорғанысы пен қақпашы Бусурманов сенімді ойнады.

«Тобылдың» тарихи жеңісі

Осылайша, «Тобыл» Қазақстан кубогын үшінші рет жеңіп алды. Ал шымкенттік «Ордабасы» үшін бұл — үшінші финалдық жеңіліс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары