
Ұлттық құраманың бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жас қақпашы Шерхан Қалмырзаға арналған қымбат сыйлықтар жөнінде пікір білдіріп, оны ерте жұлдызға айналдырмауға шақырды.
Мадридтік «Реалға» қарсы тарихи ойында қазақстандық футболшылардың ерлігі елді елең еткізді. Әсіресе 18 жастағы Шерхан Қалмырзаның ойыннан кейінгі батылдығы мен суыққандылығы жанкүйерлердің жүрегін жаулап, түрлі сыйлықтар мен марапаттар толассыз келе бастады.
Алайда, бұрынғы футболшы әрі «Тараз» клубының спорт директоры Ұлан Қонысбаев бұл эйфорияға сақтықпен қарауға шақырды.
««Қайраттың үш қақпашысы да бірінен бірі өтеді. Шерханның болашағы өте үлкен, дегенмен оны қымбат сыйлықтармен ертерек жұлдызға айналдырудан сақтану керек», — деп жазды Қонысбаев Instagram парақшасында.
Қонысбаев футболшыларды марапаттауға қарсы емес екенін де атап өтті. Оның айтуынша, жеке бизнес өкілдері мен меценаттар қолдау көрсетсе, ол қазақ футболының дамуына нақты үлес болар еді.
« Ал сыйлық мәселесінде кәсіпкерлер мен меценаттар тұңғыш осындай рейтингі жоғары турнирге қатысушы ойыншыларға материалдық қолдау жасап жіберсе артық болмайтын еді.», — деді ол.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан соң, бірнеше қазақстандық кәсіпкер Шерхан Қалмырзаға және матч кейіпкерлерінің бірі Темірлан Анарбековке автокөлік тарту еткен болатын.
Анарбеков бұған дейін «Селтикке» қарсы матчта үш пенальтиді қайтарып, команданы келесі кезеңге шығарған еді.