"Франция емес" - Килиан Мбаппе Еуропаның үздік құрамасын атады
13.10.2025, 13:36
Мбаппенің айтуынша, ол елдің ойыншылары доппен жақсы қозғалады.
Сурет: ашық дереккөздерден
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе қазіргі таңда қай ұлттық құрама Еуропада ең мықты екенін айтты.
Француз ойыншысы қазіргі Еуропа чемпионы — Испания құрамасын ерекше атап өтті.
«Испания құрамасы — бүгінгі күні Еуропадағы ең үздік команда. Испандықтар тамаша ойын көрсетіп жүр, әрқашан допты бақылауда ұстайды және техникалық тұрғыдан өте мықты. Бұл — футболшылар жастайынан негізгі құрам сияқты стильде ойнайтын сирек жағдай. Испандықтарды керемет жұмысымен құттықтауға болады», — деп келтіреді Madrid Universal Мбаппенің сұхбатын.

«Қызыл фурия» 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу тобында үш матчтан кейін тоғыз ұпай жинап, көш бастап тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама