Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Астана" – "Ақтөбе" матчы бір минут үнсіздіктен басталды

Сарапшы, спорт журналисі
19.10.2025, 17:31

Естеріңізде болса, жуырда жас футболшылар — Арон Мұса мен Диас Төлеу өмірден ерте кеткен еді. 

penalty.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы басты ойындардың бірі – «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу елордада өтуде. Матч «Астана Арена» стадионында басталып, ойын алдында жанкүйерлер мен командалар бір минут үнсіздік жариялап, қаза тапқандарды еске алды.

Естеріңізде болса, жуырда жас футболшылар — Арон Мұса мен Диас Төлеу өмірден ерте кеткен еді. 

Ойынды жанкүйерлер YouTube-тағы ресми KFF League арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Турнир кестесіндегі жағдай

Бұл кездесу екі команда үшін де маңызға ие:

  • «Астана» – 2-орында келеді. Ұпай саны: 5
  • «Ақтөбе» ҚПЛ-да қазір 5-орында. Ұпай саны: 42

Григорий Бабаянның шәкірттері чемпиондыққа таласуды жалғастыру үшін бұл ойында міндетті түрде жеңіске жетуі керек. Ал «Ақтөбе» Еурокубок аймағы үшін күресті жалғастыруда және сырт алаңда да жеңіске жетуге дайын екенін көрсетіп келеді.

Соңғы турда командалар қалай ойнады?

  • «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» жеңді
  • «Ақтөбе» Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсті

Екі ұжым да 24-турда жеңіске жетіп, қарқынын жоғалтпаған күйі алаңға шықты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары