Белгілі инсайдер Фабрицио Романо аргентиналық супержұлдыздың жаңа келісімшарт бойынша келіссөздері соңғы кезеңге жеткенін хабарлады.
Әлем футболының аңызы Лионель Месси «Интер Майамида» қалуы мүмкін. Футбол нарығының сенімді дереккөзі саналатын Фабрицио Романоның мәліметінше, Мессидің қазіргі клубымен келісімшартты ұзарту мәселесі алға жылжып, нақты финалдық кезеңге өтті. Тараптар келісімшарттың қаржы бөлігін және мерзімін нақтылап жатыр.
«Келіссөздер алға жылжыған. Екі тарап та ынталы, Месси "Интер Майамиде" қалуға ниетті», — деп жазды Романо өзінің әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, Месси мен клуб иелерінің бірі Дэвид Бекхэм арасындағы қазіргі келісім 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
2025 жылғы MLS маусымында Лионель Месси фантастикалық нәтижемен көзге түсті:
38 жастағы футболшы осылайша Америка лигасында да өзінен кейінгі буынға үлгі бола беретінін дәлелдеп келеді.
Аргентина жұлдызы кәсіби мансабын «Барселонадан» бастап, кейін «Пари Сен-Жерменге» ауысты, ал 2023 жылдан бері «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп жүр.
2024 жылдың жазында Месси Аргентина құрамасымен бірге Америка кубогын екінші рет жеңіп, әлем тарихындағы ең титулды футболшы атанды – 46 трофей.
«Барселона» (34 трофей):
«Пари Сен-Жермен»:
«Интер Майами»:
Аргентина құрамасы: