Келесі айдан бастап Ислам Шотландияға аттанып, "Хартспен" жаттығуын бастайды.
Ақпаратты клубтың бас директоры ресми растаған болатын.
«Біз Чесноковпен келісімшартқа қол қойып қойғанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, оны қаңтарға дейін тіркей алмаймыз. Ол бізге желтоқсан айының басында келіп, командамен бірге жаттығады», – деді «Хартс» басшысы Эндрю Маккинли.
Айта кетейік, «Хартс» Премьершипте «Селтикті» сегіз ұпайға артқа тастап, жеке-дара көш бастауда. Ислам Чесноков биыл «Тобыл» сапында ҚПЛ-дегі 25 матчта 9 гол мен 5 ассисттің авторы атанды. 26 жастағы футболшының нарықтық бағасы 900 мың еуро. Жартылай қорғаушы мен қостанайлық клубтың келісімшарты екі күннен кейін аяқталады.