Реклама
Реклама

«Ордабасы» бапкерімен не болды? Клуб басшылығы шешімін жария етті

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 16:35

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы молдовалық маман Андрей Мартинмен жұмысын жалғастырады. 

NUR.kz

Молдовалық бапкер орнында қалады. Бұл турадлы «Серый Cardinal» Telegram-арнасы жазады. 

Дереккөз мәліметінше:

«Алдын ала ақпарат бойынша, “Ордабасы” клубының бас бапкері Андрей Мартин келесі маусымда да Шымкентте жұмысын жалғастырады», — деп жазылған хабарламада.

51 жастағы Андрей Мартин «Ордабасының» тізгінін 2024 жылдың соңында ұстаған болатын. Бұған дейін ол өз еліндегі «Петрокуб» командасын жаттықтырған.

Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб КПЛ-2025 маусымын жетінші орында аяқтады. Сонымен қатар, команда Қазақстан кубогының финалында жеңіліс тауып, Лига Конференциясының бірінші іріктеу кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Реклама
Реклама