Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Словакия және Молдоваға қарсы ойын өткізеді. Осыған байланысты U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов аталған матчтарға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.
Кеңейтілген тізімге ел ішінде және шетелде өнер көрсетіп жүрген 28 футболшы енді. Команда оқу-жаттығу жиынын қарашаның 2-сінде Астанада бастайды.
Қақпашылар
- Мирас Рихард («Ертіс»)
- Дулат Талыспаев («Кеге», Дания)
- Санжар Ерниязов («Хан-Тенгри»)
Қорғаушылар
- Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де «Жетісу»)
- Александр Мрынский («Қайрат»)
- Темірлан Мұрзағалиев, Никита Губарев (екеуі де «Қайсар»)
- Әли Тұрғанов («Академия Онтүстік»)
- Тимур Курбанов, Әлихан Серікбай (екеуі де «Каспий»)
- Бахтияр Төлеуов («Ертіс»)
- Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»)
Жартылай қорғаушылар
- Мирас Оматай («Жетісу»)
- Олжас Байбек («Қайрат»)
- Абинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағиманов (екеуі де «Ертіс»)
- Нұралы Жақсылық («Астана»)
- Аян Байдаулетов («Ақтөбе»)
- Глеб Валгушев («Қызылжар»)
- Ян Труфанов («Атырау»)
- Мүсілім Жұмат («Тараз»)
- Шахмұрза Адырбеков («Тренчин», Словакия)
Шабуылшылар
- Мағжан Тоқтыбай («Академия Оңтүстік»)
- Рамазан Бағдат («Қайрат»)
- Артем Литош («Шахтер»)
- Рауль Аллахвердиев («Райо Вальекано В», Испания)
Үш турдан кейін Қазақстан жастар құрамасы 3 ұпаймен өз тобында төменгі қатарда тұр. Соңғы матчта команда күтпеген жерден Андоррадан 0:1 есебімен жеңіліп, жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады. Айта кетейік, екі ойын 13 және 17 қараша күндері өтеді.