Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" өз ойыншыларын ұлттық құрама сапынан қайтаратын болды

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 07:00

Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының футболшылары Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов, Дамир Қасаболат және Дастан Сәтпаев Бельгиямен ойыннан кейін Алматыға қайтады.

"Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 15 қарашада Астанада Бельгиямен өткізеді. Осы матчтан кейін «Қайрат» клубының футболшылары ұлттық құраманың лагерінен шығып, Алматыға қайтады.

Футболшылардың клубқа мерзімінен бұрын қосылуына себеп – «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясындағы маңызды кездесуге дайындық. Алматы командасы 26 қараша күні Данияның «Копенгаген» клубымен ойнайды.

Осыған байланысты аталған ойыншылар Қазақстан құрамасының Хорватияда өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуіне қатыспайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары