Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Боранбаев "Қайрат" "Астана-Аренада" ойнайтынын растады

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 09:00

"Қайраттың" басшысы күн райына байланысты Чемпиондар лигасындағы ойындарды алматылық ұжым Астанада өткізуі мүмкін екенін алға тартты.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұхбатында стадионды алмастыру бойынша сұраққа жауап берді.

«Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіңде 9 желтоқсан күні «Олимпиакос» және 2026 жылы 20 қаңтар күні «Брюггені» өз алаңымызда қабылдаймыз. Осы орайда ауа-райы суық болуы мүмкін. Жанкүйерлерімізді ойлай келе, біз «Astana Arena» стадионымен сөйлесіп, келістік. 9 желтоқсан және 20 қаңтар күні ешқандай шара өтпейді екен. UEFA регламентіне сай матчқа бір ай қалғанға дейін қарсыласымызды ескертуге тиіспіз. Алайда барлығы ауа-райына тікелей қатысты болмақ. Егер ауа-райы жылы болса, ойынымызды Алматыда өткіземіз», - деді Қайрат Боранбаев.

Естеріңізге салсақ, әзірге үш ойын өткізген алматылық клуб Чемпиондар лигасында 33-ші орында орналасқан. "Қайрат" қоржынында 1 ғана ұпай бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары