Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" Чемпиондар лигасында кішігірім сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 03:12

Бірақ ойын қорытындысы итальяндықтардың пайдасына аяқталды.

"Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынын өткізді. Әйгілі Джузеппе Меаццада қазақстандық клуб "Интерге" қарсы жақсы төтеп бере алды.

Алғашқы минуттардан бастап "Интер" жүйелі шабуылдарын жасай бастады. Бірақ Темірлан Анарбеков бірнеше сейв жасап, есепті 45-ші минутқа дейін тең ұстап тұрды. Бірінші таймның соңында "Интер" капитаны Лаутаро Мартинес айып алаңындағы қарбалас сәтті жақсы пайдаланып, есепті ашты.

Екінші таймда тең есеп тіркелді

Екінші таймды Оразбахтин шәкірттері жақсы қарқынмен ойнай бастады. Еркін Тапалов алаңда тек қателіктерімен көзге түскен Громыконы ауыстырып, командаға үлкен серпіліс берді. Нәтижесінде, 55-ші минутта бұрыштама кезінде Офри Арад баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

Араға 12 минут салып алаң иелері қайтадан есепте алға шықты. Бразилиялық жартылай қорғаушы Карлос Аугусто керемет жойқын соққымен Анарбековті қапы қалдырды.

Әрі қарай есеп өзгеріссіз қалды. "Қайрат" есе жібергенімен, биылғы маусымда "Интер" қақпасына Чемпиондар лигасында алғаш гол соққан команда болды.

Келесі ойынды алматылықтар сырт алаңда 26-шы қараша күні "Копенгагенмен" өткізетін болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары