Үш ойыншысы да соңғы Чемпиондар лигасында өткен ойында жарақат алып қалды.
UEFA Чемпиондар лигасы төртінші турындағы «ПСЖ» және «Бавария» арасындағы матчта париждік клубтың үш ойыншысы жарақат алып қалған.
«ПСЖ» шабуылшысы Осман Дембеле «Баварияға» қарсы матчта балтыр бұлшық етін ауыртып алыпты. Осыған байланысты франциялық ойыншы екі апта ойнамайды.
Ал мароккалық қорғаушы Ашраф Хакими тобығын жарақаттап алған. Соған байланысты ол 6-8 апта ойнай алмайды.
Португалиялық қорғаушы Нуну Мендеш сол ойында сол аяғының тізесін зақымдап алыпты. Ол бірнеше апта париждіктерге көмектеспейді.