Реклама
Реклама

"Барселона" Чемпиондар лигасында "Қайраттың" қарсыласымен тең түсті

Сарапшы, спорт журналисі
06.11.2025, 09:00

Естеріңізге салсақ, "Брюгге" қаңтар айында "Қайратпен" ойнайды.

Сурет: ашық дереккөздерден

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Барселона» сырт алаңда «Брюггемен» тең ойнады.

Бельгияда өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Каталония клубында Ферран Торрес пен Ламин Ямаль гол соқты. Сондай-ақ Христос Цолис өз қақпасының торын тулатты. Ал алаң иелері сапында Карлос Форбс дубль авторы атанса, Николо Тресолди бір мәрте дараланды.

Осылайша 7-ұпайын еншілеген «блауграна» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты. Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 25 қарашада «Челсиге» қонаққа барады.

Реклама
Реклама