Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ҚПЛ сенсациясы бас бапкерсіз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:16

«Оқжетпес» ФК бас бапкер Қайрат Нұрдәулетовпен қоштасты.

kazfootball.kz
Реклама
Реклама

Клуб жаңа бапкер іздеуде

Журналист Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, тәжірибелі маман келесі маусымда «Оқжетпесті» жаттықтырмайды.

«„Оқжетпес“ бас бапкерсіз қалды. Менің дерегім бойынша, Қайрат Нұрдәулетов алдағы маусымда команданы басқармайды. Оның жетекшілігімен „Оқжетпес“ екінші айналымда 12 матчта 14 ұпай жинады», — деп жазды Эльдар Аманбаев.

Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов КПЛ-дің «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарында бас бапкерлік қызмет атқарған. Қазір көкшетаулық ұжым жаңа басшы іздеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

«Оқжетпес» — маусымның басты сенсациясы

Биылғы маусымда «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасында 35 ұпай жинап, жалпы есепте 8-орынға тұрақтады. Айта кетейік, клуб былтыр Бірінші лигада ойнаған.

Маусым басында көкшетаулықтар күтпеген нәтиже көрсетіп, бірнеше фаворитті жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырған. Алайда 4 шілдеде клуб Андрей Ферапонтовпен қоштасып, оның орнына Қайрат Нұрдәулетовті тағайындаған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары