Талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын жаттықтыру тізіміне енді.
Қайрат Нұрдәулетовтің қызметтен кеткеннен кейін Көкшетаудың «Оқжетпесі» келер маусымға жаңа бас бапкер іздеуді бастады.
Клубқа жақын дереккөздің мәліметінше, команданы Самат Смақов басқаратын болуы мүмкін. Көкшетаулық клубтың басшылығы 46 жастағы маманмен алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерген. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев жазды.
Смақовпен қатар «Оқжетпес» клубының шорт-листінде бірнеше тәжірибелі қазақстандық бапкерлер бар.
Клуб басшылығы жаңа маусым қарсаңында ең тиімді нұсқаны іздестіруді жалғастыруда.
«Самат Смақов – “Оқжетпестің” шорт-листінде. Клуб келесі маусымға басты үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр», – деп жазды журналист өз телеграм-арнасында.
2025 жылғы маусым қорытындысында «Оқжетпес» ҚПЛ-да 8-орынмен (35 ұпай) маусымды аяқтады.
Ал Самат Смақов жаттықтыратын «Жетісу» 21 ұпаймен 12-орынға тұрақтады.