Елордалық клуб 2026 жылғы маусымдағы үлкен мақсаттарды орындау үшін қыруар қаржы құя алатын инвестор іздеуде.
Қазір клуб басшылығы бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізуде деп жазады ASnews. Алайда жаңа қаржы көзін тартуға кедергі келтіруі мүмкін негізгі мәселе бар – 2025 жыл үшін футболшылар мен бапкерлер штабы алдындағы қарыздар әлі толық жабылмаған.
Бұған қоса бейресми мәліметтерге сәйкес, «Астананың» ойыншылар алдындағы сыйақы төлемдер бойынша да берешегі бар, оның ішінде өткен маусымнан қалған сыйақылар да есептеледі.
Қаржылық қиындықтарға қарамастан «Астана» биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында екінші орынға табан тіреді.Соңғы турда астаналық клуб «Қайратпен» 1:1 есебімен тең ойнап, алтын медальға таласта басты бәсекелесін басып оза алмады.
Инвестор табу – клуб үшін тек қаржы мәселесін шешу ғана емес, сонымен бірге:
сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты болып тұр.