Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ФИФА Қазақстан және Өзбекстанға жаңа стадиондар салып бере ме?

Сарапшы, спорт журналисі
25.11.2025, 22:16

Сауд Арабиясының Даму қоры мен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) дамушы елдердегі спорттық инфрақұрылымды қаржылай қолдау үшін күш біріктірді. 

Instagram/@fifa
Реклама
Реклама

Дамушы елдерге арналған жаңа жоба

ФИФА ресми түрде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді. Құжатқа сәйкес, ұйым дамушы мемлекеттер мен ФИФА-ға мүше ассоциацияларды қолдауға басымдық береді. Негізгі екпін – спортты ұлттық дамудың құралы ретінде пайдалануға нақты стратегиясы бар елдерге түседі.

Жоба аясында Сауд Арабиясының Даму қоры (SFD) ФИФА сертификатынан өтетін стадиондар салу немесе қолданыстағы ареналарды жаңғыртуға, стадиондарға жақын орналасқан қажетті инфрақұрылымды дамытуға 1 млрд долларға дейін жеңілдетілген несие бөлуге дайын.

Мақсат – тұрақты даму және жастарға мүмкіндік

ФИФА бұл серіктестікті жай ғана спорттық инфрақұрылым емес, әлеуметтік өзгерістердің құралы ретінде қарастырады.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • әлеуметтік интеграцияны күшейту;
  • жастардың мүмкіндігін кеңейту;
  • спорт арқылы жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашу;
  • жергілікті кадрлар мен инфрақұрылымның ұзақ мерзімді дамуына ықпал ету.

ФИФА мен SFD ұлттық билік органдарымен бірлесе отырып, жергілікті экономикаға нақты пайда әкелетін жобаларды іріктеп, іске асыруды көздеп отыр. Бұл бастама басқа да халықаралық даму институттарын, жеке секторды және өңірлік ұйымдарды тартуға арналған старттық платформа болмақ.

Қазақстан және Өзбекстанға қандай пайда әкелуі мүмкін?

ФИФА-ның ресми мәліметінше, бұл бастама FIFA Forward атты футболды дамыту бағдарламасымен тығыз байланысты. Аталған бағдарлама аясында «футболы дамушы елдерге» арнайы қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.

Осы тізімге Қазақстан және Өзбекстан да кіреді. Демек, екі мемлекет те жаңа стадиондар салуға, қолданыстағы ареналарды ФИФА стандарттарына сай жаңартуға, стадион маңындағы көлік, қауіпсіздік, инфрақұрылым жобаларын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелерге үміткер. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары