Реклама
Реклама

Өзбекстан чемпионы ҚПЛ-ға келуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
28.11.2025, 16:56

Бірақ нақты қай клубқа бас бапкер болатыны әзірге белгісіз. 

tj.sputniknews.ru

Өзбекстан чемпионы «Нефтчидің» бас бапкері Виталий Левченко Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін клубқа ауысуы мүмкін. 53 жастағы маманға отандық клуб қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Әзірге нақты қай клуб екені құпия сақталуда.

Айта кетейік, Виталий Левченко Өзбекстан біріншілігінің соңғы маусымында «Нефтчиді» ерекше жетістікке жеткізді:

  • клуб 24 жылдан кейін алғаш рет Өзбекстан чемпионы атанды;
  • Левченко бұл жетістікке жеткен клуб тарихындағы екінші бапкер болды (бірінші — Юрий Саркисян).

Бұған дейін ол Тәжікстанның «Истиклол» командасымен де ел чемпионы атанған, яғни екі елде чемпион болған мамандардың бірі.

Реклама
Реклама