Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Жеңіс" украиналық бапкермен қош айтысты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:54

Андрей Демченко маусымның ортасында келсе де, жыл соңында үздік бапкерлер санатына енген болатын.

Андрей Демченко
Реклама
Реклама

Астана қаласының «Жеңіс» клубы украиналық маман Андрей Демченконың бас бапкер қызметінен кеткенін жариялады.

« „Жеңіс“ футбол клубы бас бапкеріміз Андрей Демченконың келісімшарт мерзімі аяқталғанын хабарлайды», — делінген ресми мәлімдемеде.

Демченко Қазақстан Премьер-Лигасы-2025 маусымының ортасында «Жеңіске» келіп, 12 матчта бірде-бір жеңіске жете алмаған грек маманы Акис Вавалис пен Пиралы Әлиевтің орнын басты. Украиналық бапкердің жетекшілігімен команда 14 ойында сегіз жеңіске жетіп, бес рет тең түсіп, бір рет жеңілді. Сонымен қатар клуб Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жетті.

БАҚ мәліметінше, елордалық клубтың жаңа бас бапкері ретінде бұған дейін Қазақстан құрамасында жұмыс істеген Әли Әлиевтің келуі күтілуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары