Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Облыс әкімі Қайрат Нұрдәулетовке жұмыс тауып берді

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 15:45

Бапкер алдағы маусымда ҚПЛ клубын тізгіндейтін болды. 

KazFootball.kz
Реклама
Реклама

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Қайрат Нұрдәулетов кездесу өткізді. Оның қорытындысы бойынша бапкер алдағы маусымда қайтадан талдықорғандық клубты тізгіндейтіні белгілі болды. Тараптар осындай келісімге келген. Бұл туралы AmanVIBE Telegram-арнасы хабарлады. 

Қайрат Нұрдәулетов 2024 жылғы маусымда «Жетісуды» басқарған. Сол кезде команда ҚПЛ кестесінде 11-орын алып, Премьер-лигада қалған. 

Қайрат Нұрдәулетовтің бапкерлік манбасы

«Жетісудан» кеткен соң Нұрдәулетов Бірінші лигада «Ертісті» жаттықтырды. Ал 2025 жылдың жазында «Оқжетпеске» ауысты. Бұл клубта жұмысынан қуылған Андрей Ферапонтов алмастырған еді. 

Бірақ маусым аяқталған соң көкшетаулық клубпен келісімді жалғастырмай, қызметінен кетуді ұйғарды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары