Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақтың Н'Голо Кантесі жаңа клубқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 11:08

Арсен Әшірбек келесі маусымда жаңа клубта өнер көрсететін болады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

«Елімай» Семей клубының баспасөз қызметі қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Әшірбекпен келісімшартқа қол қойғаны туралы мәлімдеді.

Клуб пен футболшы алдағы маусымға келісім жасасқан.

Әшірбек – жамбылдық футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Профессионал карьерасын «Таразда» бастаған, ал өткен маусымда «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті. Көкшетау командасының құрамында ол 22 матчқа қатысып, бір гол соғып, екі голға пас берген. Сонымен қатар Арсен Бельгияға қарсы ойында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасауға да үлгерді.

Еске сала кетейік, «Елімай» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында төртінші орын алып, тарихында алғаш рет еурокубоктардың іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.

Жанкүйерлер Әшірбекті допқа таластағы қайсарлығы және және жоғарғы  кардио деңгейіне байланысты қазақтың Н'Голо Кантесі деп атайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары