Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

УЕФА Темірлан Анарбековты үздіктер қатарына қосты

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 13:27

УЕФА Темірлан Анарбековтің екі сейвін үздіктер қатарына қосты.

Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасының ресми Instagram парақшасы 6-турдағы үздік сэйвтер топтамасын жариялады.

Тізімге «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков те ілікті. Ол «Олимпиакосқа» қарсы өткен ойында жасаған екі шешуші сейві үшін үздік сәттердің бірі деп танылды. Ол Аюб Эль-Кааби мен Мехди Таремидің гол соғуына мүмкіндік бермей, қауіпті соққыларды қайтарды.

Сонымен қатар УЕФА «Спортинг» қақпашысы Руй Силваның, «Славия» ойыншысы Индржих Стинеканың және «Марсель» қақпашысы Херонимо Рульидің сейвтерін де үздіктер қатарына қосты.

Ал бұл матчта алматылық команда қарсыласына 0:1 есебімен жол берген еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары